ҚР үкіметінің қаулысымен Олжас Амангелдіұлы Әбішев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Олжас Әбішев 1983 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін, 2005 жылы - Әулие Ата университетін, 2006, 2010 жылдары Инженерлік колледжді, Андон ұлттық университетін (Оңтүстік Корея) тәмамдаған. Мамандығы бойынша - экономист-информатик, заңгер-құқықтанушы.
Еңбек жолын 2000 жылы бастаған. Түрлі жылдары "Қазагромаркетинг" АҚ, "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ, "Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы" АҚ, "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" АҚ, "Astana Innovations" АҚ, "Тұран - Астана" университетінде, сондай-ақ коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.