ҚР ДСМ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар номенклатурасын бекітті

1744

ҚР ДСМ  дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар номенклатурасын бекітті

ҚР денсаулық сақтау министрлігі "СҚ-Фармация" ЖШС мен отандық тауар өндірушілер арасында жеткізудің ұзақ мерзімді шарт жасасуға конкурс өткізу үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың номенклатурасын бекітті, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

Бұл жолы номенклатураға 3239 дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы кірген. "Жақын арада өндірісті іске қосуды жоспарлап отырған отандық тауар өндірушілер дәрілік заттардың номенклатурасына өз ұсыныстарын жіберу мүмкіндігіне ие болды.

Енді осы номенклатураның негізінде Бірыңғай дистрибьютор алаңында отандық фармөндірушілер үшін ашық конкурс өтеді. Конкурс барысында компания-өндірушілер қолданыстағы фармацевтикалық өндірісті жаңғыртудан өткізгеннен кейін немесе жаңа салғаннан кейін конкурста жарияланған 3239 атаудың кез-келгенін өндіруге ниет білдіре алады.

Фармация комитетінде қазақстандық фармкәсіпорындар конкурсқа қатысу үшін өздерінің бизнес-жоспарларын және техника-экономикалық негіздемесін ұсынуы қажет екендігі түсіндірілді. Арнайы ведомствоаралық комиссия жобаны зерттеу дәрежесіне, қаржыландыруды тарту мүмкіндігіне, инфрақұрылым және жер телімімен қамтамасыз етілуіне қарай конкурсанттарды бағалайды. Конкурстың жеңімпаздарымен қазақстандықтарды тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етуге онжылдық шарт жасалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу