"ҚР экономикасы бизнесті жүргізуге сай емес" - әрбір үшінші кәсіпкер

588

2023 жылдың I тоқсанында дайын өнімге сұраныс артты

"ҚР экономикасы бизнесті жүргізуге сай емес" - әрбір үшінші кәсіпкер Фото: ФОТО: inbusiness.kz

ҚР Ұлттық Банкі  Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің 2023 жылдың I тоқсанындағы кәсіпорындар мониторингінің нәтижелері туралы түсініктемесін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"2023 жылдың I тоқсанындағы кәсіпорындар мониторингінің нәтижелері нақты сектордағы экономикалық белсенділіктің қалыпты өсу қарқынын көрсетеді. Аталмыш сектордағы сұраныстың артуы, дайын өнім бағасының өсу қарқынының баяулауы, өндірістік қуаттар мен инвестициялық белсенділіктің жүктелу деңгейінің төмендеуі байқалды", - делінген хабарламада.

2023 жылдың I тоқсанында дайын өнімге сұраныс жақсарды. Диффузиялық индекс  51,4-тен 52,9-ға дейін өсті.

Кәсіпорындар бұрынғысынша Қазақстан экономикасының жай-күйін бизнесті жүргізудегі басты кедергі деп санайды. Бұл туралы сауалнамаға қатысқан кәсіпорындардың 34,1% мәлімдеді.

Басқа кедергілер: бәсекелестік (30,0%); салық деңгейі (24,8%); білікті кадрлардың жетіспеушілігі( 23,9%); сатып алушыларды іздеу (23,5%); реттеуші өзгерістер (15,1%); дебиторлық берешекті қайтарудың қиындығы (13,9%).

Айта кетерлігі, 2023 жылдың I тоқсанында сауалнамаға 3366 кәсіпорын қатысты, оның ішінде ірі және орта кәсіпорындар – 1587.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу