ҚР ЭМ көмір бағасына жауапты еместігін мәлімдеді

1126

ҚР ЭМ көмір бағасына жауапты еместігін мәлімдеді

Оперативтік мәліметтер бойынша осы жылдың 9 айында ішкі нарыққа 55,8 млн тонна көмір жөнелтілді, оның ішінде 40,5 млн тонна энергия өндіруші кәсіпорындарға жөнелтілген  (2016 жылдың 9 айында – 34,5 млн тонна), деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

Осы кезеңде коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке және халыққа 8,0 млн тонна жеткізілді, бұл 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,5 млн тоннаға артық.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес 5 қазандағы жағдай бойынша өңірдегі көмір қоймаларында  көмірдің жеткілікті көлемі бар. Мысалға, Кентау қаласындағы көмір қоры 37 мың тонна, Түркістан қаласындағы көмір қоры 5 мың тоннаны құрайды. Көмірдің бағалары: шұбаркөл – 12,5 мың теңге, майкөбе – 8,5 мың теңге.

Қарағандының көмір қоймалары толтырылған, бір тонна көмірдің бағасы 6 мың теңгеден бастап (сарыадыр көмірі) 11 мың теңгеге дейін (шұбаркөл көмірі).

Астананың екі көмір қоймасында шұбаркөл көміріне жоғарғы баға 14 мың теңгені құрайды (майкөбе көмірі – 8,5  мың теңге).

Алматыда бір тонна көмірдің бағасы 15 мың теңгеден бастап (Қаражыра көмірі) 23 мың теңгеге дейін (шұбаркөл көмірі).

Карьерден немесе шахтадан көмірдің жіберілетін бағасы айтарлықтай көп еместігін атап өтеміз. Түпкілікті тұтынушылар үшін оның бағасының өсуіне теміржол тарифтері және делдалдық ұйымдардың "қосулары" айтарлықтай әсер етеді. Бұл ретте  коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға көмірдің негізгі көлемі тауар биржалары арқылы сатылады.

Жыл сайын жылу маусымы өту кезінде көмір өндіруші компанияларға көмір тиеуге арналған вагондардың уақытында ұсынылмау мәселесі орын алады.

Сонымен бірге, ҚР ұлттық экономика министрлігінің талдауына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардан коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға дейінгі көмір жөнелту схемасы көпдеңгейлік делдалдық құрылымдардың барлығын көрсетеді. Ол құрылым материалдық-техникалық базасы (сақтау қоймалары, теміржол кіру жолдары) жоқ көтерме жеткізушілердің сату бойынша іс-шаралардан тұрады және олар республиканың әр өңіріне сататын басқа көтерме-бөлшек сатушыларға көмірді қайта сатуды жүзеге асырады. Нәтижесінде түпкілікті тұтынушыдағы көмірдің бағасы екі-үш есеге өсіп кетеді.

Бұл ретте, көмірге баға белгілеу, сауданы реттеу және делдалдық құрылымдарды жою ҚР энергетика министрлігінің құзыретіне кірмейтіндігін атап өтеміз.

Өңірлерде көмірді сатып алу және халық үшін тарату жергілікті атқарушы органдар құзыретіне жатады. ҚР инвестициялар және даму министрлігі және "ҚТЖ" АҚ тарапы жылу маусымы өту кезінде көмір тиеуге жылжымалы құраммен уақытында қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды қабылдау, ал ҚР ұлттық экономика министрлігі тарапынан тауар биржалары қызметін бақылау шараларын қабылдау қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу