ҚР энергетика министрлігі көмір тапшылығына қатысты мәлімдеме жасады

765

ҚР энергетика министрлігі көмір тапшылығына қатысты мәлімдеме жасады

Елімізде халықты көмірмен қамтамасыз етуге қатысты жағдай тұрақты. Қазақстанның бірде-бір өңірінде қатты отын тапшы емес. Ешқандай дүрлігу жоқ. Бүгін ҚР энергетика министрлігі осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды 24.kz.

Мамандар қазір әлеуметтік желілер арқылы көшедегі ұзын-сонар кезектер және жүк машиналарының таласы жөнінде тарап жатқан бейнежазбалар жалған және тап қазіргі таңдағы жағдайға сай келмейтінін айтады.

Бүгінде еліміздің энергетика министрлігі облыс әкімдіктерімен және "Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясымен бірлесіп, өңірлерге көмір жеткізуді тәулік бойы жіті назарда ұстап отыр. Тоқетері, аймақтардағы көмір мәселесін қатаң бақылауда тұр.

Соңғы деректерге сәйкес күні кешеге дейінгі аралықта өндірілген көмір көлемі 8,6 млн тоннаға жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу