Қазақстан энергетика министрлігі жаңа экономикалық жаңғыруды енгізбек. Бастамалар энергетикалық саланың стратегиялық маңыздылығын сақтап қалуға және мұнай-газ кешенінің, соның ішінде геологиялық барлау саласының дамуына жаңа серпін қосуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды 24.kz.
Жаңа бастамалар 500 күн ішінде тағы 11 жобаны бастауды көздеген. 2025 жылға қарай мұнай өндіру көлемін 107,3 млн тоннаға дейін, газ өндіру көлемін 77 млрд текше метрге дейін арттыруды жоспарлаған. Бағдарлама толық жүзеге асса, 2050 жылға дейін Қазақстанға 30 дамыған елдің қатарына кіруіге мүмкіндік береді.
"Ағымдағы жылы 5 айдың ішінде мұнай-газ саласының дамуы жақсы нәтижелерді көрсетіп жатыр. Оның динамикасын одан әрі ұлғайту, сапалы көрсеткіштерге қол жеткізу біздің басты міндетіміз болып табылады. Экономиканың жаңа моделін қалыптастырып, Елбасының тапсырмалары орындалуда", - деді ҚР энергетика министрінің орынбасары Әсет Мағауов.