ҚР ИДМ 658 инвестициялық жобаның негізгі тізбесін құрды

849

ҚР ИДМ 658 инвестициялық жобаның негізгі тізбесін құрды

2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 54,4%-ға артып, 1,2 трлн теңгені құрады. Бұл туралы ҚР инвестициялар даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов баспасөз мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

"Өндірістің негізгі капиталына құйылған инвестиция 84,4%-ға өскен, сонымен бірге тау-кен өнеркәсібіндегі негізгі капиталға құйылған инвестицияның 94,5%-ға артқаны белгілі болды, өңдеу саласына тартылған инвестиция көлемі 72% артқан. 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында сыртқы инвестиция 160,3 млрд теңгеге артып, 361,5 млрд теңгені құрады", -  дейді Арыстан Қабыкенов.

Жоспарланған жалпы ішкі өнімнің өсуін қамтамасыз етудің басты мақсатына қол жеткізу үшін 2025 жылға дейінгі мақсатты көрсеткіштер белгіленді. 2018 жылы республикалық деңгейдегі негізгі капиталға құйылатын қажетті инвестицияның өсу қарқыны - 5,1%. Осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін инвестиция тарту және инвестициялық климатты жақсарту жұмыстары жандандырылып жатыр.

"Қазіргі уақытта министрлік "Kazakh Invest" ҰК" АҚ-мен бірлесіп, 2018-2020 жылдарға арналған 658 инвестициялық жобаның негізгі тізбесін құрды. Бұл тізімге шетелдіктердің қатысуымен 140 жоба және отандық инвесторлардың қатысуымен 518 жоба енді. Биыл жалпы құны 6,5 млрд АҚШ долларынан асатын 298 жобаны іске қосу, сондай-ақ жалпы құны 11 млрд АҚШ долларын құрайтын құрылыс-монтаждау жұмыстарын (199 жоба) іске қосу жоспарланып отыр" - дейді вице-министр.

Елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша егжей-тегжейлі жоспар әзірленді. Бүгінде Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізілген елдердің саны 61-ге көбейді, сондай-ақ, 2018 жылдың соңына қарай Астана мен Алматы әуежайлары арқылы өтетін қытайлық азаматтар үшін 72 сағаттық визасыз режим енгізілді. Қазіргі уақытта Үндістан азаматтары үшін визасыз режимді енгізу мәселесі қаралуда.

"Бүгінде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы халықаралық келісімдерді жасау жұмыстары жетілдірілді. Мемлекет басшысының БАӘ-ге жасаған сапарынан кейін Қазақстан Республикасы мен БАӘ арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қойылды. Қазір осы мақсатта 20-дан астам елмен келісімдер жобасы әзірленуде", - дейді Қабыкенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу