ҚР ИДМ: Алматы станциясын айналып өтетін теміржол желісі салынады

794

ҚР ИДМ: Алматы станциясын айналып өтетін теміржол желісі салынады

Инвестициялар және даму миниистрлігі жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі бойынша 44 жоба пысықталуда және іске асыру кезеңінде. Бұл туралы министрлік басшысы МЖӘ мәселелері бойынша үкімет отырысында жасаған баяндамасында айтты, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, "Үлкен Алматы айналма жолының (ҮАААЖ)" құрылысы бойынша консорциум дайындық жұмыстарына кірісті. Биыл мамыр айында құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады.

Министрлік айналма автомобиль жолының құрылысымен қатар, Алматы станциясын айналып өтетін ұзақтығы 74 шақырым теміржол желісі жобасының құрылысын салуға дайындық басталды. Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін түзету жұмыстары аяқталды және мемлекеттік сараптама жүргізілуде.

"Бұнымен қатар конкурстық құжаттама әзірленуде. Инвесторды анықтайтын конкурсты өткізу биыл қараша айына жоспарланып отыр.

Жалпы теміржол желісін салу құны 96,6 млрд теңге. Ұзақтығы – 74 шақырым. Жоба құрамына тораптық станцияларды салу және реконструкциялау, разъез бен желілердің құрылысы, оларға электр жүйесін тарту кіреді",- деп атап өтті ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Министрлік аймақтармен, Еуропалық қайта құру және даму банкімен  бірлесе отырып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын кезең-кезеңмен іске асыру  моделін ұсынады. Қазіргі уақытта барлық аймақтарда мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің түрлі формаларын енгізу бойынша 33 пилоттық жоба іріктелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу