ҚР ИДМ министрі Ресей вагондарын елге кіргізуге неге тыйым салынғанын түсіндірді

737

ҚР ИДМ министрі Ресей вагондарын елге кіргізуге неге тыйым салынғанын түсіндірді

ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Ресейдің инновациялық вагондарын кіргізуге неге тыйым салынғанын  түсіндірді, деп хабарлайды sputniknews.kz.
"Бұл стандарттармен байланысты. Қазақстанға кіру үшін белгілі біл стандарттарға сәйкес келу керек. Біздің жылжымалы құрамға да осындай талап қойылады. Сондықтан тиісті талаптарға сәйкес шаралардан өту  керек", - деді Жеңіс Қасымбек БАҚ өкілдеріне. 

"Осыдан кейін ешқандай шектеулер болмайды. Ақпаратты кеше ғана алдық, сондықтан осы мәселемен айналысып жатырмыз", — деп атап өтті министр.

Айта кетейік, "Коммерсантъ" газеті Қазақстанның отандық инфрақұрылымға сәйкес келмейтін ресейлік  вагондарды елге кіргізуге тыйым салғанын хабарлаған болатын. "Ресей темір жолдары" компаниясы қазақстандық әріптестерінен 23,5 тоннадан астам жүктемемен инновациялық вагондардың қатынауына инфрақұрылымның дайын еместігі туралы жеделхат алған.  Басылым бұл тыйым салу Қазақстан сатып алған бес мыңнан астам қытайлық вагондарды ресейлік рельстерге жібермеуге жауапты шара болуы мүмкін деп жазған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу