ҚР ИДМ туристерді елге жеткізу мәселесін пысықтап жатыр

894

ҚР ИДМ туристерді елге жеткізу мәселесін пысықтап жатыр

2016 жылы 30 желтоқсанда Шардж қаласының (БАӘ) әуежайы әуе рейстерін қабылдап, ұшыруды бастады. "Эйр Арабияның" мәліметтері бойынша, бүгінгі рейстер Астана уақытымен сағат 10:10-да Шардж қаласынан Астанаға және 11:30-да Алматыға кестеге сәйкес ұшуда, деп хабарлады ҚР индустрия және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ҚР Инвестициялар және даму министрлігі қазақстандық туристерді елге жеткізу мәселесін шешудің түрлі нұсқаларын пысықтауда. "Эйр Арабия" әуекомпаниясының қосымша рейсін ұйымдастыру, сонымен бірге қазақстандық туристерді СКАТ әуекомпаниясының бортымен әкелу мәселелері талқыланып жатыр. Сондай-ақ, отандық туристерді бос орындар болған жағдайда жол-жөнекей әуе рейстерімен жеткізу немесе бортты сыйымдылығы үлкендеу ұшақтарға ауыстыру мүмкіндіктері пысықталуда.

Министрлік ресми арналар арқылы БАӘ авиация билігіне қазақстандық туристерді тасымалдауға баратын Қазақстанның қосымша борттарын қабылдап, қызмет көрсетуге қатысты хат жолдады. Сонымен бірге, шекаралас мемлекеттердің жоғарғы әуе кеңістіктері арқылы ұшып өтіп жөнінде рұқсат сұрап хат жіберді. Қазір аталған жағдайды шешу жөніндегі жұмыс штабы жұмыс істеп жатыр. ҚР Сыртқы істер министрлігімен, әуекомпанияларымен және қазақстандық туроператорлармен бірге тұрақты талқылаулар өтуде.

 Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 29 желтоқсаны күні ауа райына байланысты (қалың тұман) Шардж қаласының әуежайында (БАӘ) барлық әуе рейстерін қабылдау және ұшыру тоқтаған болатын. "Эйр Арабия" әуекомпаниясының мәліметтері бойынша 2016 жылы 29 желтоқсанда Шардж қаласынан Алматыға (180 адам) рейс ұшу керек болған. Бұл рейс уақытша шегерілді. Туроператорлардың ақпаратына сәйкес, барлық қазақстандық жолаушылар тамақтандырылып,  қонақүйлерге орналастырылды.

"Эйр Арабия" компаниясы осы күні Астана мен Алматыдан Шардж қаласына ұшатын екі рейсті тоқтатты. Бұл рейстер арқылы БАƏ-ге Қазақстаннан 300 жолаушы аттанбақ болған, олардың 50-і Коломбоға (Шри-Ланка) Шарджа қаласы арқылы ұшатын транзиттік жолаушылар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу