ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы тағайындалды

758

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Төлеген Тұрсынұлы Абдуллин ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомтвоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы тағайындалды

Төлеген Абдуллин 1982 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, "Қаржы академиясы" АҚ тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі: инженер-құрылысшы, экономика және бизнес магистрі.

Еңбек жолын 2004 жылы "Қазақавтожол" РМК Павлодар облыстық филиалының ДЭУ-62 автожол көпірінің шебері лауазымынан бастады.

2005-2011 жылдары "Қазақавтожол" РМК Павлодар филиалында түрлі лауазымдарды атқарған.

2011-2014 жылдары — "Қазақавтожол" РМК Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, Ақмола облыстық филиалының директоры.

2014-2019 жылдары Астана қаласында "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басшылық қызметтерін атқарды.

2019 жылдың ақпанынан желтоқсанына дейін — Көкшетау қаласы, "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ Ақмола облыстық филиалы директорының м. а., директоры.

2019-2021 жылдары — ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы орынбасарының м. а., орынбасары.

2021 жылғы қаңтардан бастап қазірге дейін ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу