ҚР ИИДМ: Халықты көмірмен қамтамасыз ету жұмысы тұрақты бақылауда

578

Қыркүйек айының алғашқы 10 күндігінде өңірлерге 329,9 мың тоннаға жуық көмір жөнелтілді. 

ҚР ИИДМ: Халықты көмірмен қамтамасыз ету жұмысы тұрақты бақылауда

Негізгі екпін солтүстік аймақтарға жасалып отыр, өйткені онда жылу беру маусымы басқа өңірлерге қарағанда ертерек басталады.

Тупиктер мен сауда қоймаларында көмір қалдығы 351,094 мың тоннаны құрайды, сондай-ақ жақын арада вагондардың келіп түсуі күтілуде.

Министрлік ел азаматтарын дер кезінде көмірмен қамтамасыз ету мақсатында күнделікті жергілікті атқарушы органдармен, ҚТЖ және көмір разрездерімен жиналыстар өткізілуде.

Қыркүйек айына арналған жоспар он күннің ішінде 30 пайызға орындалған. Ай соңына дейін межелі жоспар толықтай жүзеге асады деп мәлім етті министрлік.

Сондай-ақ өңірлерге әлеуметтік көмір жеткізетін вагон паркі қосымша толықтырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу