ҚР ИИДМ Қырғызстанға гуманитарлық жүк жіберді

591

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 763 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2020 жылғы 23 қарашада Қырғыз Республикасына ауыр жүк көлігімен "Көкшетау-4П" өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 400 данасын және Қазақстан кәсіпорындарда өндірілген 2 млн. медициналық бетперде жіберді.  

ҚР ИИДМ Қырғызстанға гуманитарлық жүк жіберді

Жіберілген гуманитарлық жүктің жалпы құны 390 млн. теңгеге жуық, атап айтқанда "Тыныс" АҚ шығарған "Көкшетау-4П" ӨЖЖ аппараттарының құны 328 млн. теңге, "Dolce pharm" ЖШС және "Mega pharm" ЖШС шығарған медициналық бетперделер құны – 61 млн теңге.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу