ҚР ИИДМ мен Еуроодақ өкілдігі бизнеске арналған бірқатар ірі іс-шараны ұйымдастырады

393

Оған 100-ден астам қазақстандық және еуропалық кәсіпорын қатысады деп көзделген. 

ҚР ИИДМ мен Еуроодақ өкілдігі бизнеске арналған бірқатар ірі іс-шараны ұйымдастырады Фото: Жаңалықтар | Qazindustry

Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында аса қажетті шикізатпен қамтамасыз ету саласындағы меморандум шеңберінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚР-дағы ЕО өкілдігімен бірлесіп, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің ауқымды кездесулерін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Мәселен, 1-3 шілдеде министрлік өкілдері Өскемендегі металлургия зауыттарына барса, 4 шілдеде Астанада 27 қазақстандық және 22 еуропалық компанияның қатысуымен "Қазақстан-Еуроодақ: аса қажетті шикізат саласындағы бизнес серіктестігі" форумы өткізіледі.

Сонымен қатар 13-17 қарашада Брюссель қаласында маңызды кездесу өткізу жоспарланған. Бір аптаға жалғасатын іс-шараны Еуропалық Комиссия ұйымдастырады. Ал биылғы Raw Materials Week-те Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған арнайы іс-шараны ұйымдастыру межеленіп отыр. Онда 100-ден астам салалық бизнес кәсіпорынның өкілдері кездеспек.

Бұл ретте қазақстандық сарапшылар еуропалық кәсіпорындардың талаптары мен қажеттіліктері жөніндегі мәліметтермен мейлінше қамтамасыз етілуі керек. Сондықтан да мұндай кездесулердің жаңа бірлескен жобаларды іске асыруда пайдасы зор.

Тұтастай алғанда, Қазақстанның индустриялық стратегиясы қосылған құны жоғары өнім шығарып, технологиялық тұрғыда дамыған өнеркәсіпті құруға бағытталғанын айта кеткен орынды. Айталық, өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін 2029 жылға қарай 1,5 есеге ұлғайту көзделіп отыр.

Аса қажетті минералдардың қатарына кобальт, магний, тантал, платина, палладий, литий, ниобий, ванадий және т. б. элементтер кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу