Арыстанбек Мұхамедиұлының суицид жасамақ болғаны рас па?

3915

ҚР ІІМ ақпараттың рас-өтірігін ажыратып берді.

Арыстанбек Мұхамедиұлының суицид жасамақ болғаны рас па?

ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі Ұлттық музейдің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының суицид жасамақ болғаны туралы ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желі мен кейбір ақпарат құралдарында Ұлттық музейдің экс-директоры, оған дейін Мәдениет және спорт министрлігін басқарған Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауда өз-өзіне қол салмақ болғаны туралы ақпарат тарады. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі ол ақпаратта жаңсақтық бар екенін мәлім етті.

"Арыстанбек Мұхамедиұлы суицид жасамақ болды. Бірақ бұл 2022 жылдың мамыр айында, экс-директор уақытша ұстау изоляторында болған кезде орын алған", – дейді комитеттің баспасөз қызметіндегілер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу