ҚР ІІМ инспектордың өліміне күдіктілердің суретін жариялады

1057

Кешенді тергеу жұмыстарынан кейін қылмысқа қатысы бар үш адам анықталды. Күдіктілер мемлекетаралық іздеуде.

ҚР ІІМ инспектордың өліміне күдіктілердің суретін жариялады

Табиғатты қорғау инспекторларына шабуыл жасауы мүмкін күдіктілерге мемлекетаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қарағанды облысының полиция депаратменті 13 қаңтар күні Қарағанды облысы Нұра ауданында болған "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК инспекторының өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кешенді тергеу жұмыстарынан кейін қылмысқа қатысы бар үш адам анықталды. Күдіктілерге мемлекетаралық іздеу жарияланды",  делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрлік күдіктілер – К.В. Ақшановтың, Б.М.Ахметов және Н.М.Шүкілдеков суретін жариялады.

Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын 5 киік атқан браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтарда Астананың №1 ауруханасында қайтыс болған еді. Осы оқиғадан соң ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев инспектор өліміне қатысты браконьерлердің барлығы анықталғандығын хабарлады. 

Қарағанды облысының полиция департаменті күдіктілер туралы қандай да бір мәлімет білетіндер болса 8(7212)429204, 429190, 429025, 429026 немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу