ҚР ІІМ үндеу жариялады

1490

ҚР ішкі істер министрлігі ата-аналарға балаларын жіті бақылап, сақ болуға шақырды.

ҚР ІІМ үндеу жариялады

Ведомстоның хабарлауынша, қайғылы оқиғалардың дені ересектердің немқұрайлылығы мен жауапсыздығынан болады.

Жыл басынан бері су айдындарында 123 бала суға батып, 119 бала құтқарылған. Ал жол-көлік оқиғаларында 118 бала қаза тауып, 2 275 бала түрлі дәрежедегі жарақат алған.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды өз балаларын қараусыз үйде жалғыз қалдырмауға шақырады.

"Биылғы жылдың 26 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында 4 қабаттың терезесіндегі тормен ойнап отырып, 8 жасар қыз және оның кіші сіңлісі құлап, ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Жасөспірімдер сіздің қамқорлығыңызға және ата-ана бақылауына өте мұқтаж екенін есте сақтаңыз",– деп ескертеді ведомство өкілдері.

Биыл 312 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсап, оның 108-і өліммен аяқталыпты. Бұлардан өзге, тұрғын үй секторындағы өрт кезінде 16 бала қаза болған.

"Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілдерінсіз жүргені үшін ағымдағы жылы 40 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды",– деп дерек келтірілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу