“ҚР ІІМ үздік тергеушісі, анықтаушысы және криминалисі” анықталды

1599

Байқау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі істер органдарының кадрлық əлеуеті даярлығын көтеру туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

“ҚР ІІМ үздік тергеушісі, анықтаушысы және криминалисі” анықталды

Байқауды Ішкі істер министрлігінің Тергеу және Жедел-криминалистикалық департаменттері ұйымдастырды.

Байқаудың республикалық кезеңі ҚР ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының базасында өтті. Оған облыстар мен қалаларда іріктеуден өткен 58 тергеуші, анықтаушы мен криминалист қатысты. 

Үш күнге созылған байқаудың қорытындысын шығару кезінде қазылар алқасы өз ісінің үздіктерін анықтады.

Министр атынан жеңімпаздарға марапатты Ведомство басшысының орынбасары Қайрат Сүнтаев салтанатты түрде табыстады. Слет нәтижесі бойынша Ақмола облысы ПД ТБ аға тергеушісі Арман Қожахметов – “Үздік тергеуші”, Қызылорда облысы ПД Жаңақорған ПБ аға анықтаушысы Бақытжан Абжалов – “Үздік анықтаушы”, Жамбыл облысы ПД ЖКБ криминалисі Ержан Өтебаев – “Үздік криминалист” деп танылды.

Басқа қатысушыларға да жарыстағы белсенділігі үшін алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу