Жеңіс Қасымбек суды тиімді пайдалануға шақырды

1041

Жеңіс Қасымбек суды тиімді пайдалануға шақырды

2020 жылға қарай ауылдық елдімекендердің жартысынан көбі жерасты су қорларымен қамтамасыз етілетін болады. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелеріне арналған парламенттік тыңдауда мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

"2017 жылдың 1-ші қаңтарындағы жағдайға сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тәулігіне  есептегенде 42,9 млн.м3 пайдалану су қоры бар мемлекеттік баланстағы 3273 кен орны бекітілген. Бұл қорлар жер үсті су көздерімен орталықтандырылған сумен жабдықтау қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз етеді",-деп атап өтті министр.

Министрдің айтуынша, еліміздің азаматтарын ауыз сумен қамтамсыз бойынша мемлекеттің мақсатты саясаты елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Сонымен қатар, шешімін күткен бірқатар мәселелер де бар.

"Суға деген әлеуметтік қатынас тұтынушылық пен ауыз судың экономикалық құны арасындағы сәйкессіздікке әкелді. (тұтыну құнының төмендігі (маңыздылығы) төмен бағада сату). Бұл қоғамдық санада су құнының түсіп кетуіне себеп болды. Тарифтерді әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыру су арналарын қаржыландырудың жетіспеушілігіне,  жүйелердің жылдам тозуына, апатты жағдайлардың көбеюіне, судың азайып, сапасының нашарлауына алып келді. Сумен жабдықтау секторының одан әрі дамуы негізінен нарықтық қатынастарға толықтай қол жеткізумен байланысты. Дамыған елдерде су шаруашылығын басқару жүйесі "пайдалан және төле" қағидаты бойынша қалыптасқан", - деді министр.

Таза жерасты суларының негізгі ресурстары (59%) Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстік аймағында.

Атырау, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай және Ақмола облыстарындағы таза жерасты су ресурстары айтарлықтай шектеулі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу