Мемлекет басшысының өкімімен Махамбет Хайыржанұлы Абисатов ҚР ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Бұл қызметке Арыстанғани Расылханұлы Заппаров тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Арыстанғани Расылханұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі академиясының Заң институтын бітірген.
Ішкі істер органдарында 1993 жылдың қараша айынан бері қызмет атқарады. Орта және жоғарғы басшылық құрамдағы қызметтерді атқарды. Жергілікті бөліністердегі басшылық қызметте мол тәжірибесі бар.
Әр жылдары Алматы облысы Полиция департаменті Еңбекші қазақ ауданының Полиция басқармасын, Алматы қаласы Алатау ауданы полиция басқармасын, Ақмола облысы полиция департаменті Степнагорск қаласы полиция басқармасын басқарды, Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болды.
2018 жылдың қаңтар айынан Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы қызметін атқарады.
2019 жылдың сәуірінен Қызылорда облысы полиция департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.