ҚР Қарулы Күштері әскери барлаушылар күнін атап өтті

1574

Әскери бөлімнің 27 жылдығына орай арнайы шаралар өткізіліп, осы саладағы үздіктер анықталды.  

ҚР Қарулы Күштері әскери барлаушылар күнін атап өтті

Қарашаның 5 күні еліміздің Қарулы Күштерінде әскери барлаушылар күні аталып өтіледі, деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Әскери барлаушылардың негізгі мақсаты – әрекеттегі немесе болжамды қарсылас туралы, оның әскери ресурстары мен жауынгерлік мүмкіндіктері, әлемдегі әскери ахуал жайындағы мәліметтерді алу және өңдеу бойынша кешенді шараларды орындау.

Әскери барлаушылар ұлттық мүддені қорғап, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға айтарлықтай үлестерін қосуда. Жыл сайын олардың жұмыс істеу әдістері мен тәсілдері дамуда, алайда негізгі мақсаты өзгерген жоқ.

Қазақстан Қарулы Күштері арнайы бөлімшесінің әскери қызметшілері тұрақты түрде халықаралық жарыстар мен оқу-жаттығуларға қатысу арқылы өздерінің жауынгерлік дағдыларын жетілдіріп, өздерінің кәсбилігін дәлелдеуде. Соңғы бірнеше айда Қазақстанның арнайы бөлімшелері "Алтын үкі-2019" халықаралық жарыстарға, "Ыстық-көл – Аңырақай-2019", "Достарым-2109", "Түлкі аулау-2019" сынды оқу-жаттығуларға қатысты. 

Жүктелген міндеттерді шешу үшін барлау телекоммуникациялық, ақпараттық және ғарыштық технологиялар саласындағы соңғы әлемдік жетістіктер негізінде құрылған қазіргі заманғы техникалық құралдармен жабдықталған.

Барлық уақытта әскери барлау мемлекет тағдырында маңызды рөл атқарып, ұлттық мүдделердің сенімді қорғаушысы болды. Ол тарих беттерінде өзінің бейнесін өзгертседе, өзінің жауынгерлік мақсатын сақтап қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу