ҚР Қарулы күштерінде Anka-S түрік дрондарын тәжірибелік пайдалану жүргізілуде

386

Түріктік дрон қанатының ұзындығы 18 метрге жетеді.   

ҚР Қарулы күштерінде Anka-S түрік дрондарын тәжірибелік пайдалану жүргізілуде Фото: ҚР ҚМ

Авиациялық техниканың жаңа үлгілерін, олардың мүмкіндіктерін Жауынгерлік дайындық және ҰҰА жауынгерлік қолдану оқу орталығы ұшқышсыз ұшу аппараттарының экипаждары зерделеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сәтті өткен сынақтар мен комиссия қорытындысынан кейін Anka-S ұшқышсыз жүйелері тәжірибелі әскери сынақтарға қабылданды. Қазіргі уақытта жаңа техника жеке құрамға бекітілді. Қазақстандық әскери қызметшілердің басқаруымен дрондарды алғашқы рет іске қосу жүзеге асырылуда.

Тәжірибелік әскери пайдалану – әскери мақсаттағы бұйымдарды сынаудағы міндетті элемент. Мұндай пайдалану мақсаттарын нақтылау техниканың мүмкіндіктерін жан-жақты тексеру көлемін кеңейтеді. Оның сенімділігін бағалауды арттырады және әскерлерде жаңа үлгілерді игеруді жеделдетеді.

"Экипаж құрамына жаңа техника және ұшу аппараттарымен жұмыс тәжірибесі мол білікті мамандар бекітілді. Жаңа ұшқышсыз жүйелермен жұмыс біздің әскери қызметшілеріміздің құзыретін кеңейтеді. Берілген тактикалық-техникалық талаптарға сәйкес болған жағдайда Anka-S ұшқышсыз ұшу кешені Әуе қорғанысы күштерінің авиациялық паркін толықтыратын болады", – деді ҰҰА жауынгерлік дайындық және жауынгерлік қолдану оқу орталығының бастығы полковник Шоқан Мұсабеков.

Түріктік дрон қанатының ұзындығы 18 метрге жетеді. Жүктемеге байланысты ұшу жылдамдығы сағатына 120-дан 270 шақырымға дейін. Ол 10 км биіктікке көтеріліп, аспанда 27 сағатқа дейін үзіліссіз жұмыс істей алады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу