Тауарларды импорттау кезінде баждар мен салықтардың тиесілі сомасын төлей алмаған декларантқа төлем мерзімін 1 айға ұзарту құқығы беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы бүгін ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов халық алдында есеп беру кездесуінде мәлім етті.
"Біз тауарларды импорттау кезінде кедендік баждар мен салықтарды төлеу мерзімін ұзартуға дайынбыз. Егер декларанттың түрлі жағдайларға байланысты баждар мен салықтардың тиесілі сомасын дереу не толық көлемде төлеу мүмкіндігі болмаса, оған 1 айға мерзімін ұзарту құқығы беріледі және тауар төлемдері төлеусіз жіберіледі", - деді ҚР қаржы министрі халық алдында есеп беру кездесуінде.
Сондай-ақ, министрдің айтуынша, адал бизнесті және басым салаларды ынталандыру үшін ірі салық төлеушілер, ірі тауар өндірушілер, инвесторлар, уәкілетті экономикалық операторлар, өзге де заңнаманы адал сақтаушы субъектілер үшін кедендік бақылауда "жасыл дәліз" енгізілген және ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп, "1434" Call-орталығының негізінде салықтық және кедендік әкімшілендіру саласы бойынша тәулік бойы консультациялар беретін пилоттық жоба іске қосылған