ҚР ҚК Бас штабы бастығының бірінші орынбасары тағайындалды

527

Генерал-майор Марат Рахымұлы Құсайынов 1967 жылы 20 мамырда Қарағанды облысында туған.  

ҚР ҚК Бас штабы бастығының бірінші орынбасары тағайындалды

ҚР Қорғаныс министрі ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қорғаныс ведомствосының басшысы Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен генерал-майор Марат Құсайынов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

1988 жылы Челябинск жоғары танк командалық училищесін бітірді.

1997 жылы РФ ҚК Броньды танк әскерлерінің әскери академиясын бітірді.

2010 жылы РФ ҚК БШ Әскери академиясын бітірді.

Взвод командирінен бастап ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысына дейін офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткерді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу