ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа ресми өкілі тағайындалды

1142

Комитеттің жаңа ресми өкілі Талғат Уәли еңбек жолын Семей қалалық ТВК-6 телеарнасында журналист болып бастаған. Осы қызметке дейін "Atameken Business-те" еңбек етті.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа ресми өкілі тағайындалды

Талғат Уәли ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Талғат Уәли 1988 жылы ШҚО Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген.

2009 жылы "Қайнар" Семей университетін "экономист" мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2010 жылы Семей қалалық ТВК-6 телеарнасында журналист қызметінен бастаған. 2011 "Қазақстан" РТРК Семей филиалында редактор-жүргізуші, 2012 жылы "ЭРА" ЖШС Жетінші арна текекомпаниясының жаңалықтар қызметінде журналист болып жалғастырды. 2015 жылы "Хабар" Агенттігі" АҚ жаңалықтар қызметінде журналист болып жұмыс істеген. 2016 жылдан бастап "Atameken Business" мультимедиялық телеарнасының жаңалықтар қызметінде арнайы тілші, тележүргізуші және президенттік пул журналисі болып қызмет атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу