ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған мерекелік монета шығады

1292

Сонымен қатар Ата Заңға арналған пошталық марка да айналымға енеді.

ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған мерекелік монета шығады

Номиналы 100, 200 теңгелік ақшаны ҚР Ұлттық банкі, ал марканы "Қазпошта" әзірлеуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Конституциялық кеңесі аппаратының басшысы Бақыт Нұрмұханов айтты. 
Монета мен марка Ата заңымыздың 25 жылдығына арнайы шығарылады.

"Ұлттық банк номиналы 100, 200 теңгелік мерекелік монета шығаруды жоспарлауда. Графикалық композицияның негізі ретінде Конституцияның 25 жылдық мерекелік логотипі алынған. Монетаны 25 тамыз күні айналымға шығару жоспарланған", –  деді Бақыт Нұрмұханов.

Оның айтуынша "Қазпошта" АҚ да аталған марканы 25 тамызда таныстырып, қолданысқа шығарады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу