23 қарашада Астанада ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас штабы бас басқармасының бастығы полковник Фарход Шерматовпен кездесуі өтті.
Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, екіжақты кездесу барысында қазақ-өзбек әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың өзекті және перспективалық бағыттары бойынша пікір алмасу болды. ҚР Қорғаныс министрі қорғаныс пен қауіпсіздік, экстремистік, лаңкестік топтамалар қызметінің жаңа қауіп-қатерлеріне, жаңа түрлеріне жедел ден қою аясындағы екіжақты қарым-қатынастың әрі қарайғы өсу қажеттілігін атап өтті.
Одан басқа, ҚР қорғаныс ведомствосының басшысы Қазақстанның аумағында өтетін алдағы арнайы мақсаттағы бөлімшелердің "Алтын үкі" халықаралық сайысы мен "АрМИ-2017" халықаралық әскер ойындары тақырыбын айналып өткен жоқ.
"Мүмкіндікті пайдалана отырып және мемлекеттеріміздің арасындағы әскери ынтымақтастықты дамыту мақсатында Сіздерді аталмыш іс-шараларға қатысуға шақырамын", – деді министр.