Мемлекет басшысының өкімімен Оқас Базарғалиұлы Сапаров Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылып, орнына Мүслім Мұхтарұлы Алтынбаев тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мүслім Мұхтарұлы Алтынбаев бұған дейін ҚР қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу