Мемлекет басшысының Өкімімен Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұрлан Байұзақұлы бұл қызметте 2016 жылғы 13 қыркүйекте тағайындалған генерал-полковник Сәкен Әділханұлы Жасұзақовты ауыстырды.
Бұған дейін Нұрлан Ермекбаев президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметін атқарды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу