Қорғаныс министрлігінің ақпарттық-түсіндіру тобы Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласовтың басшылық етуімен Көкшетау гарнизонына барды.
Қорғаныс ведомствосының өкілдері Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскери қызметшілерінің және олардың отбасы мүшелерінің қызмет жағдайларымен және проблемалық мәселелерімен танысты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов әскерге шақырылушылардың ата-аналарымен кездесіп, өздерін көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап берді. Дәл осы күні еліміздің оңтүстігіндегі Сарыөзек кентінің әскери бөлімінде Қарулы күштер қатырында борышын өтейтіндерді шығарып салу рәсімі өтті.
Бурабай кентіндегі Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің оқушылары ант қабылдап, "Жас Сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысы тәрбиеленушілерінің қатарына кірді.