ҚР мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

1577

Бүгін ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ведомствоның жаңа вице-министрін таныстырды. 

ҚР мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

ҚР үкіметінің Қаулысымен Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды. 

Нұрғиса Дәуешов 1985 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының түлегі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының магистранты.

Түрлі жылдары филармония, халық аспаптары академиялық оркестрі әртісі,  Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының Дәстүрлі музыка өнері кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді. 

2011-2013 жж. – Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік халық аспаптары оркестрінде инспекторы.

2013 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрі директоры қызметіне тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу