Ақордада мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова ҚР-дағы төтенше және өкілетті елшілерден сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Мемлекеттік хатшы Гвинея елшісі Бангали Диакхабиден, Панама өкілі Мигель Умберто Лекаро Барсенасадан, Мали өкілетті елшісі Тиефинг Конатеден, Хорватиялық Тончи Станичичадан, Кипр елшісі Леонидас Маркидисадан, Перу өкілі Луис Бенхамин Чимой Артеагадан сенім грамоталарын қабылдады.
Қорытындысында мемлекеттік хатшы елшілерді Қазқастандағы дипломатиялық қызметімен құттықтап, табыс тіледі. Екі елдің жан-жақты байланысының нығаюына үлкен үлес қосатындарына сенім білдірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу