ҚР мемлекеттік хатшысы Польша делегациясымен кездесті

764

ҚР мемлекеттік хатшысы Польша делегациясымен кездесті

Қазақстан республикасының мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Польша республикасы парламенті сенатының вице-спикері Мария Коц бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды akorda.kz.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Польша қарым-қатынастарының қазіргі ахуалын, сондай-ақ саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Мемлекеттік хатшы еліміздің қоғамдық-саяси және экономикалық дамуына 32 мың адамды қамтитын поляк диаспорасы өз үлесін қосып отырғанын айтты.

Гүлшара Әбдіқалықова Польша тарапына "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысқаны үшін ризашылық білдіріп, осы елдің баламалы энергетика саласындағы жетістіктерінің маңыздылығын атап өтті.     

Кездесу соңында мемлекеттік хатшы Польшаның БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің 2018-2019 жылдар аралығындағы тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады.

айта кетейік, Польша республикасы парламенті сенатының вице-спикері Қазақстанға "ЭКСПО-2017" көрмесі аясындағы поляк диаспорасы күніне қатысу үшін келген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу