ҚР мемлекеттік күзет қызметіне келген сарбаздар ант қабылдады

2309

ҚР мемлекеттік күзет қызметіне келген сарбаздар ант қабылдады

Қазақстанда осы жылғы қыркүйек айында басталған әскерге шақыру науқаны кезеңінде ҚР мемлекеттік күзет қызметі мерзімді әскери қызметке, "Айбын" және "Батыр" президенттік полктеріне 295 адамды іріктеп алды. Олар Әскери ант қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

2018 жылғы күзгі әскерге шақыру нәтижесі бойынша Қызметтің қатарына шақырылған жас толымдаулардың сапалық мінездемесі жоғары деңгейде.

Екі жүзден артық әскери қызметшілердің 17 пайызының жоғарғы білімі бар. 67 пайызы орта-арнайы білімі туралы дипломмен келді. Жас сарбаздардың арасында 4 спорт шебері, 19 спорт шеберлігіне үміткер бар және көбісінің спортшы-разрядник екенін айта кеткен жөн.

Әскери бөлімдерде әскери қызметшілердің физикалық дамуы және салауатты өмір салтын насихаттау үшін барлық жағдай жасалған.

Бөлімдердің спорттық базасы спортпен шұғылдануға бөлімшенің барлық жеке құрамын қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Атлетикалық гимнастика, қоян-қолтық ұрыс залдары, стадиондар жұмыс істейді.

Әскери антты салтанатты қабылдауға: Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің ардагерлері, сарбаздың ата-аналары мен жақын туыстары шақырылды.

Келген қонақтарға сарбаздар өте қысқа мерзімде алған машық-дағдыларын: қарумен саптық амалдардың элементтерін, жауынгерлік машинаға отыруды және одан түсуді, қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетті, сондай-ақ салтанатты саппен өтті.

Көрермендерге президенттік үрлемелі аспаптар оркестрі мен құрмет қарауыл ротасының өнерін көру мүмкіндігі берілді.

Жаңа толымдауларды ҚР мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары- объектілерді қорғау қызметінің бастығы генерал-лейтенант Мұхтар Ақатұлы Аюбаев құттықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу