Елбасы Жарлығымен Қанат Оразқұлов Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының Жарлығымен Амантай Жанкеұлы Күреңбеков зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының Өкімімен Қанат Орынтайұлы Оразқұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президенті іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу