КР мен АҚШ-тың ядролық жоспарлау мәселелері жөніндегі топтың бірінші отырысы басталды

360

Отырыс Сеулде өтіп жатыр. 

КР мен АҚШ-тың ядролық жоспарлау мәселелері жөніндегі топтың бірінші отырысы басталды Фото: ТАСС

Негізгі тақырыптар белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Жапонияның Kyodo агенттігіне сілтеме жасай отырып.

АҚШ президенті көмекшісінің орынбасары Курт Кэмпбелл мен Оңтүстік Кореяның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің бірінші орынбасары Ким Тэ Хе ядролық қауіпсіздік тақырыбын және КХДР бойынша ақпарат алмасу мәселесін талқылайды.

13 шілдеде Кореяның Орталық телеграф агенттігі Корея Республикасы мен АҚШ-тың ядролық жоспарлау жөніндегі консультативтік тобы КХДР-ға қарсы ядролық қаруды қолдану жоспарларын талқылау алаңына айналатынын хабарлады, деп жазады ТАСС.

26 сәуірдегі саммиттің қорытындысы бойынша Корея Республикасы мен АҚШ президенттері Юн Сок Ёль мен Джо Байден Ядролық жоспарлау мәселелері бойынша консультативтік топ құруды көздейтін декларация қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу