ҚР мен РФ жүк тасымалдаудың 3 мың қосымша рұқсат бланкісімен алмасты

477

ҚР мен РФ жүк тасымалдаудың 3 мың қосымша рұқсат бланкісімен алмасты

ҚР және РФ 2018 жылы автокөліктермен жүк тасымалдаудың 3 мың қосымша рұқсат бланкілерімен алмасты, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Мәскеуде халықаралық автомобиль қатынасы саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша Ресей-Қазақстан аралас комиссиясының отырысы  өтті.

Кездесу барысында екі тарап халықаралық автомобиль қатынасы жөніндегі екі ел үкіметтері арасындағы жаңа Келісімнің жобасы мақұлданды.  Құжат мәтіні жақын арада жарияланады.

Сонымен қатар, елдер 2018 жылға үшінші елдерге/ден жүктерді тасымалдауға рұқсат құжаттарының қорытынды шектелімін бекітіп, 2019 жылғы көлемін келісті. 

Осылайша, 15 маусымға дейін жүктерді үшінші елдерден/ге тасымалдаудың 3 мың қосымша рұқсат бланкілерімен алмасу жүргізіледі. Бұдан бұрын тараптар 2018 жылға рұқсат бланкілерімен алдын ала алмасуды 7 мың көлемінде келіскен болатын. Еске сала кетейік, бұдан бұрын тараптар 2018 жылға осындай рұқсаттарды алдын ала алмасу туралы 7 мың данаға келіскен болатын.

Бұдан бөлек, делегациялар 2019 жылға рұқсат бланкілерімен алдын ала алмасудың көлемін бекітті. Атап айтқанда, жүктерді үшінші елдерден/ге тасымалдауға 7 мың рұқсат беру бланкілерімен және 300 жолаушыларды тұрақты емес негізде тасымалдауға келісті. 

Алмасу 2018 жылдың 10 желтоқсанына дейін іске асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу