ҚР министрлер кабинеті жаңа құрамда алғашқы отырысын өткізіп жатыр

2358

Жаңа премьер-министр ҚР президентінің жарлығымен тағайындалған министрлерді таныстырды.

ҚР министрлер кабинеті жаңа құрамда алғашқы отырысын өткізіп жатыр

Бүгін үкімет үйінде ҚР министрлер кабинеті жаңа құрамда алғашқы отырысын өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа премьер-министр Асқар Мамин ҚР президентінің жарлығымен тағайындалған министрлерді таныстырды.

Сонымен қатар үкімет басшысы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында екенін айта келе, министр келесі үкімет отырысына қатысатынын жеткізді. Сонымен қатар ол кейбір мемлекеттік органның қайта құрылғанын еске салды.

"Мемлекет басшысы бізге үлкен сенім артып отыр, бұл үлкен жауапкершілік. Сондықтан сол сенімді ақтауымыз керек. Үкіметтің жаңа құрамы айқын нәтижелерге бағдар алған нақты істер үкіметіне айналуға тиіс. Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуын жаңа сапалы деңгейіне шығару, халықтың табысы мен тұрмыс деңгейін арттыру, тиімді жаңа жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша бірінші кезектегі міндеттерді қойып отыр. Осындай нақты шаралардың нәтижесінде халықтың әл-ауқатын арттыра аламыз",  – деді Асқар Мамин.

Сонымен қатар премьер-министр осы аптада "Нұр Отан" партиясының съезінде халықты әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың тұрмыс сапасын арттыру бойынша бірқатар жаңа шаралар жарияланатынын атап өтті.

"Осы орайда келесі үкімет отырысында елбасының тапсырмаларын орындауға бағытталған шараларды талқылайтын боламыз", – деді Асқар Мамин. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу