ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ардагерлер кеңесі құрылды

583

Кеңес білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жаңғырту мен дамыту жөніндегі кешенді шешімдерді қабылдау мақсатында құрылды. 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ардагерлер кеңесі құрылды Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Ашық дауыс беру әдісімен білім беру саласына еңбегі сіңген қызметкер, қоғам және мемлекет қайраткері Жақсыбек Күлекеев Кеңес төрағасы болып сайланды.

"Кеңес құрамын дана ұстаздардың қатарымен толықтыру білім беру жүйесінің сапасын арттыруға көмектеседі. Біз көпжылдық тәжірибесі бар әріптестеріміздің кәсіби көмегіне сенім артамыз. Бірлескен күш-жігерімізбен балаларымыз үшін барынша жақсы жағдай жасалады деп сенемін", - деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Атап өту керек, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жанынан ардагерлер кеңесі алғаш рет құрылуда. Оның құрамына білім беру саласында беделі жоғары құрметті қызметкерлер, қоғам және мемлекет қайраткерлері және т.б. енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу