ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министр тағайындалды

347

Бұл қызметке Жәннат Балғабайқызы Дүбірова келді.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министр тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жәннат Балғабайқызы Дүбірова өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жәннат Дүбірова 1987 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Ұлыбританиядағы Манчестер университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Коммерциялық құрылымдарда метадеректер әкімшісі, IT жобалардың жетекшісі, менеджері, бас менеджері, Ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2016-2017 жылдары — "Астана Innovations" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2017-2022 жылдары — Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы" ШЖҚ МКК басшысы.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу