ҚР премьер-министрі аграрлық қайта өңдеу картасының жобасын пысықтауды тапсырды

818

ҚР премьер-министрі аграрлық қайта өңдеу картасының жобасын пысықтауды тапсырды

ҚР премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов аграрлық қайта өңдеу кәсіпорындарының облыстарда орналасуы картасының әзірленген жобасы туралы баяндады. Оның аясында қайтау өңдеу кәсіпорындарының қазіргі қуаттылықтарын барынша жүктеу, жаңа қайта өңдеу кәсіпорындарын жаңғырту және салу бойынша міндеттерін орындау көзделген, деп хабарлайды primeminister.kz.

Аграрлық қайта өңдеуді дамыту жалпы өнім өсімінің белгіленген орташа жылдық қарқынына жетуді және АӨК-тегі еңбек өнімділігінің 2016 жылдың деңгейіне 18,6% өсімін және импорттың 32%-дан 25%-ға дейін азаюын қамтамасыз етеді. Картаны іске асыру қайта өңдеу өнімінің жалпы өндірісін 1,9-дан 3 трлн теңгеге дейін ұлғайтуға және 7 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Отырыста "Атамекен" КҰП төрағасының орынбасары, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Ю. Якупбаева, "ҚР тамақ кәсіпорындары одағы" ЗТБ вице-президенті А. Наурызғалиева, Қарағанды, Алматы облыстарының әкімдері Е. Қошанов, А. Баталов сөз сөйледі.

Аталған мәселені қарауды қорытындылай келе, ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовке "Атамекен" КҰП, қоғамдық ұйымдардың және тамақ өнеркәсібі қауымдастықтарының ұсыныстарын ескере отырып, Аграрлық қайта өңдеу картасының жобасын пысықтауды тапсырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу