ҚР премьер-министрі Алматыда банк басшыларымен кездесті

767

ҚР премьер-министрі Алматыда банк басшыларымен кездесті

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Алматыға барды. Онда қаржы секторын дамыту, ШОБ-қа қолдау көрсету, өндірістік инновацияларды енгізу және қаланың көлік жүйесін жақсарту шараларымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Премьер-министр бірінші кезекте қала әуежайын кешенді жаңғырту жоспарымен танысты.

Бұдан кейін ҚР премьер-министрі екінші деңгейлі банк басшыларымен және еліміздің қаржы секторының ірі қатысушыларымен кездесу өткізді.

Қатысушылар кеңес барысында Қазақстан Республикасында электронды сауданы дамытудың 2018–2020 жылдарға арналған жол картасының жобасын, зейнетақы қорының және міндетті медициналық сақтандыру қорының активтерін басқару мәселесін, сондай-ақ, жеке тұлғаларды цифрлық сәйкестендіру, қор нарығы және цифрландыру жағдайында сақтандыру нарығын дамыту мәселелерін талқылады.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу