ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың айтқан сөзіне қатысты арнайы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды primeminister.kz.
Мәлімдемеде Қазақстанның тәуелсіздік жылдарда қол жеткізген жетістігін жіпке тізе келе, Қырғызстан президентінің сайлауалды мақсатта жасалған жауапсыз, арандатушылық мәнді және көпе-көрінеу жалған пайымы екі ел арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан өзара көмек пен достықтың дәнекеріне нұқсан келтірмеуі керектігі жазылған.
Еске сала кетсек, 7 қазанда Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының жекелеген аспектілеріне қатысты орынсыз әрі екі елдің өзара достық қарым-қатынасына нұқсан келтіретін бірқатар мәлімдеме жасаған болатын.