Асқар Мамин ТМД елдерінің байланыс министрлерімен кездесті

910

Премьер-министр байланыс саласындағы Аймақтық достастық мүшелерін Алматыда өтетін "Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0" 4-ші форумына қатысуға шақырды.

Асқар Мамин ТМД елдерінің байланыс министрлерімен кездесті

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин байланыс саласындағы Аймақтық достастық делегациясын, сондай-ақ Халықаралық электр байланысы одағыныңбБас хатшысы Чжао Хоулин мен Бүкіләлемдік пошта байланысының бас директоры Бишар А. Хуссейнді қабылдады, деп хабарлайды primeminister.kz.  

Үкімет басшысына байланыс саласындағы Аймақтық достастық жанындағы ақпараттандыру жөніндегі ТМД-ға қатысушы елдердің Үйлестіру кеңесінің 25-ші отырысының өткізілу барысы  (2019 ж. 16-17 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қаласы), сондай-ақ биыл қазан айының соңында Египеттегі Шарм-әл-Шейхте ашылатын Бүкіләлемдік радио байланысы конференциясына дайындық туралы баяндалды.

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстанның 5G байланыс технологиясын енгізуге, Интернетке кеңжолақты қолжетімділікті арттыруға, сондай-ақ Қазақстан экономикасының дамуы мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға салмақты серпін беретін ақпараттандыру және цифрландыру бойынша басқа да жобаларға көп көңіл бөліп отырғанын атап айтты.

"Цифрлық Қазақстан" Мемлекеттік бағдарламасы аясында біз барлық тірек және жерсеріктік ауылдық елдімекендерді қамтумен 2023 жылдың соңына дейін жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіп, жоғары технологиялы байланыс түрлерін енгізуді жоспарлап отырмыз", - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы Қазақстанның Ресей, Қытай және Орталық Азия бағыттарында телекоммуникациялық трафикті қамтамасыз етуге қабілетті көлік инфрақұрылымын құру жөніндегі жоспары туралы ақпараттандырды.

"Бүгінгі таңда біз Әзербайжанмен Каспий теңізінің түбі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, оның аяқталу мерзімі 2021 жылдың соңы", - деді А.Мамин.

Премьер-министр байланыс саласындағы Аймақтық достастық мүшелерін алдағы уақытта, 2020 жылы ақпанда Алматыда өтетін "Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0" 4-ші форумына қатысуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу