ҚР премьер-министрі Азия даму банкінің вице-президентімен кездесті

745

ҚР премьер-министрі Азия даму банкінің вице-президентімен кездесті

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Азия даму банкінің вице-президенті В. Жангпен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Талқылаудың басты тақырыбы Азия даму банкінің Қазақстанға арналған 2017-2021 жылдарға жаңа Елдік серіктестік стратегиясының жобасы болды.

Кездесу барысында стратегия жобасының басым бағыттары қарастырылды, оның ішінде қаржы секторын нығайту, тұрақты өсімді қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында бәсекеге қабілеттілікті арттыру және экономиканы әртараптандыруды жалғастыру, инфрақұрылымға инвестицияларды қолдау, кәсіпкерлікті дамыту және экономикалық өсімнің драйверлерінің бірі ретінде жеке капитал тарту.   

Сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесін қайта реттеу, ауыл аумақтарын дамыту, климаттың өзгеруі, сондай-ақ туризм және энергетика салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Азия даму банкінің вице-президенті В. Жанг ЭКСПО-2017 көрмесінің аяқталуына, осы жылдың қыркүйегінде Алматы қаласында өңірлік білім орталығын ашу жоспарланғанын атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу