ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты

1079

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Минскке жұмыс сапары аясында ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды pm.kz.

Отырыс барысында қатысушылар Еркін сауда аймағы туралы шарттың ережелерін жүзеге асыру барысын, ТМД қатысушы мемлекеттердің Тұтынушыларды құқықтық ағарту саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді және ТМД қатысушы мемлекеттердің қаржы-экономикалық саладағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі Бірлескен іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруды талқылады.

Б. Сағынтаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында қабылданған іскерлік ахуалды жақсарту, экономикалық өсімді қамтамасыз ету, қаржы нарықтарын және өзара сауданы нығайтудағы ортақ бағыт өзінің тиімділігін дәлелдегенін айтып өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар көпжақты құжаттарға қол қойылды.

Еске салсақ, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Минскте жүр, оның алдында ол Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты, сондай-ақ Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу