ҚР Премьер-Министрі ХВҚ миссиясының басшысына өзара серіктестіктің маңыздылығын хабарлады

501

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қазақстан бойынша Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы Николя Бланшемен кездесу өткізді. 

ҚР Премьер-Министрі ХВҚ миссиясының басшысына өзара серіктестіктің маңыздылығын хабарлады

Тараптар еліміздегі миссия жұмысының қорытындыларын, сондай-ақ макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, инфляцияға қарсы күрес, салықтық әкімшілендіру мен бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру жөніндегі ҚР Үкіметінің шараларын, жұмыспен қамту, цифрландыру және мемлекеттің экономикаға қатысуын төмендету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұдан басқа, Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі бастамалары, инвестициялар тарту жөніндегі қадамдары, ағымдағы сыртқы экономикалық сын-қатерлер мен өңірлік күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелер қаралды.

"Біз ХВҚ-мен серіктестіктің стратегиялық сипаты мен Қордың еліміздің дамуына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз", - деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Николас Бланше Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға және ХВҚ елдік миссиясының жұмысына жоғары баға берді.

"Біздің арамызда берік әрі сындарлы ынтымақтастық қалыптасты. Біз Үкіметтің жаңа реформаларды іске асыру жөніндегі қадамдарын құптаймыз және барлық мүдделі бағыттар бойынша біздің консультацияларымыз бен техникалық көмегімізді ұсынуға дайынбыз", — деп атап өтті Николя Бланше.

Соңында премьер-министр екіжақты тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендігін атап өтті.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу