ҚР премьер-министрі IHS Markit вице-президентімен кездесті

792

 ҚР премьер-министрі  IHS Markit вице-президентімен кездесті

Бүгін Kazakhstan Global Investment Roundtable екінші халықаралық дөңгелек үстел жұмысының аясында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев америкалық экономист және IHS Markit вице-президенті Даниел Ергинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Кездесу барысында әлемдік мұнай нарығындағы қазіргі жағдай мәселелері талқыланып, әлемдік экономиканың дамуына қатысты Қазақстанның энергетика саласындағы негізгі басымдықтары қарастырылды, сондай-ақ бәсекеге қабілеттілікті сақтау бойынша шаралар талқыға салынды. Сонымен қатар, Қазақстан өндірісін жақын келешекте ынталандыру мәселелері, энергетика, автомобиль жасау, электроника және т.с.с. тәрізді негізгі салалар бойынша ірі жобаларға инвестициялар салудың маңыздылығы қарастырылды. 

Айта кетсек, IHS қолданушыларға әлемнің 211 елінің инвестициялық ахуалын салыстыруға және елеп-екшеуге мүмкіндік беретін елдік тәуекелді бағалаудың бірегей жүйесін әзірледі. Жүйеде операторларға ұшырасатын тәуекелдердің барлығын қамтитын 22 дискреттік фактор бар. Елдерде бағалау тәуекелдердің кең ауқымы үшін негіз салады, ол жүйелі және кешенді тәсілдің арқасында елдер деңгейінен салыстырмалы бағаларды 500 м² дейін қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу