ҚР премьер-министрі Қытайдағы ірі машина жасау компаниясының өкілдерімен кездесті

775

ҚР премьер-министрі Қытайдағы ірі машина жасау компаниясының өкілдерімен кездесті

Үкімет үйінде ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев И Сяоган басшылық еткен SANY Group компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында машина жасау саласында, сонымен қатар көлік-логистикалық орталықтардың құрылысы мен оларды дамыту саласында ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.  

SANY Group-тің негізі 1989 жылы қаланған және ҚХР-дің алғашқы жекеменшік машина жасау компанияларының бірі болып табылады. Негізгі қызметі – құрылыстық және арнайы техникаларды әзірлеу, өндіру және сату. Қытайдағы ірі машина жасау компаниясы, және әлемдік рейтингте бесінші орында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу