ҚР Премьер-Министрі "Orano" француз атом компаниясының басшысымен кездесті

1054

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин "Orano" директорлар кеңесінің төрағасы Клод Имовенмен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.  

ҚР Премьер-Министрі "Orano" француз атом компаниясының басшысымен кездесті

К. Имовен Үкімет басшысына Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданындағы Мойынқұм және Төртқұдық кен орындарында табиғи уранды барлау, өндіру және қайта өңдеу жөніндегі "КАТКО" Қазақстан-Француз бірлескен кәсіпорнының ҚР-дағы қызметін одан әрі дамыту жоспарларын таныстырды.

А. Мамин "КАТКО"-ның ҚР-да уранды қайта өңдеу бойынша ғылыми әзірлемелерге, заманауи экологиялық таза технологияларды қолдануға, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласында жоғары стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуге, Түркістан облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ адами капиталдың сапасын арттыруға инвестиция салуының маңыздылығын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу